Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

19 тонна алтын! Елімізде геологиялық барлаудың ең ірі кезеңі аяқтады

Мемлекет жер қойнауы бойынша әлемдік көшбасшылар қатарында.

Туранский экспресс Telegram арнасының хабарлауынша, Қазақстанда мемлекеттік геологиялық барлау бағдарламасының ең ірі кезеңі сәтті аяқталды. Соңғы алты жыл ішінде ел аумағының 91,6%-ын немесе 2 миллион шаршы шақырымнан астам жерді қамтыған ауқымды зерттеу жұмыстары жүргізілді.

19 тонна алтын! Елімізде геологиялық барлаудың ең ірі кезеңі аяқтады
Фото: forum machinery

Барлау жұмыстары мынадай бағыттарды қамтыды:

  • тереңдете барлау
  • минерагениялық және терең картография
  • гидрогеологиялық зерттеулер

Нәтижесінде Қазақстан аумағында жаңа перспективалы кен орындары анықталып отыр:

  • 2,6 миллион тонна сирекжер металдары
  • 3,7 миллион тонна мыс пен никель
  • 1,1 миллиард тонна қоңыр көмір
  • 19 тонна алтын
  • 266 миллион тонна мұнай мен газ (Арал бассейні аумағында)

Сонымен қатар, 2025 жылдың сәуірінде Қарағанды облысында сирекжер элементтеріне бай уникалды кен орны анықталған

Бұл деректер Қазақстанның пайдалы қазбалар қоры бойынша әлемдік көшбасшы елдердің қатарында екенін дәлелдейді.

"Жер қойнауы байлықтары – бұл мемлекеттің стратегиялық капиталы. Олар ел мен халықтың игілігіне қызмет етуі тиіс, трансұлттық компаниялардың емес", – деп жазады Turan Express.

Telegram арнасының хабарлауынша, тарих ресурстарды сырттай басқарудың салдарын көрсетіп үлгерді: шикізатты арзан бағамен сыртқа шығару, экологиялық апаттар, ұлттық мүмкіндіктердің жіберілуі.
Сондықтан қазіргі басты міндет – геологиялық ашылымдарды жай тіркеу ғана емес, оларды еліміздің экономикасына тиімді енгізіп, келешек ұрпақтың игілігіне айналдыру.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату