Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
16 мамыр, 2025 / Аман ШАМАР / Елорда

АСТАНАДА ТАБИҒАТ ҚОРҒАУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ

Биылғы меже – 200-ге жуық қоғамдық кеңістікті абаттандыру.

АСТАНАДА ТАБИҒАТ ҚОРҒАУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ
Фото: ашық дереккөз

Астананы тазалау ауланы тазалаудан басталатыны анық.

Осы ретте, бұл үрдіске қаланың әр тұрғыны атсалысуы қажет. Мұны  қала тұрғыны, шағын кәсіпкер Наурыз Сисенғалиев те жақсы түсінеді.

«Қандай тазалық акциясы өтсе де, мен тыс қалмауға тырысамын. Себебі, тазалықтың қаншалықты маңызды екенін жақсы білемін. Өзім көп жылдан бері кәсіпкермін, бірнеше сауда нүктелерім бар. Мен солардың іші-сыртын ғана емес, тұтастай айналасын да тазалап тұрамын. Өйткені, мен өзімді де, өзгені де сыйлай білетін жанмын. Сондықтан тазалық мәселесіне атүсті, яғни, жеңіл-желпі қарай алмаймын» дейді ол.

Айтпақшы, Астанада «Таза Қазақстан» онлайн-платформасы арқылы қала тұрғындарынан өтінімдер әлі қабылданып жатқанын еске салғымыз келеді. Биылғы меже – 200-ге жуық қоғамдық кеңістікті (саябақ, гүлзар, т.б.) абаттандыру және 1 миллионнан астам жасыл желек отырғызу. Ендеше, іске сәт!

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату