Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
13 мамыр, 2025 / Аман ШАМАР / Жаңалықтар

АСТАНАДА ҚЫЛМЫСТЫҢ САЛДАРЫМЕН ЕМЕС, СЕБЕБІМЕН КҮРЕСУДЕ

Биылдың төрт айында 2093 құқықбұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып үлгеріпті.

АСТАНАДА ҚЫЛМЫСТЫҢ САЛДАРЫМЕН ЕМЕС,  СЕБЕБІМЕН КҮРЕСУДЕ
Фото: ашық дереккөз

Астанада қылмысқа қарсы күрес жөніндегі шаралар өз нәтижесін беруде.

Статистикалық көрсеткіштерге көз жүгіртер болсақ, соңғы төрт айда 353 тұлғаға ішімдік ішуге, қару ұстауға, жәбірленушімен сөйлесуге тыйым салынған. Заңды белшесінен басқан 131 тұрғын ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабы, 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Отбасы-тұрмыстық қатынастар бағытындағы құқықбұзушылықтар бойынша 3412 қорғау нұсқамасы шығарылып, оның талаптарын бұзған 169 тұлға ӘҚБтК-нің 461-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Ал, дағдарыс орталықтарына орналастырылған 201 адамның 142-сі – кәмелетке толмағандар. Қоғамда күзет қызметі бағытындағы құқықбұзушылықтарға қарсы биыл 80 кешенді және 94 түсіндіру жұмысы, 23 жеке қабылдау мен 124 агрессормен жұмыс жүргізілді.

Биылдың төрт айында 2093 құқықбұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып үлгеріпті. Ал, 102 арнасына 3076 хабарлама түскен. Тұрмыстық құқықбұзушылық үшін 2910 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Профилактикалық есепке 3765 адам алынған. Уақытша ұстау бөлмесіне 1750 азамат қамалған.

«Қылмыс та ауру сияқты ғой. Оның салдарымен күрескеннен гөрі орын алу себебін анықтап, алдын алуға жұмыстанған жөн. Осы бағытта профилактикалық шараларды одан бетер күшейту үшін осыған мүдделі азаматтық қоғам институттарымен және мемлекеттік органдармен тығыз байланыста жұмыс жасауға бар күшімізді салып жатырмыз. Екіншіден, зорлық-зомбылық қаупін бағалаудың арнайы стандарты бекітілген. Сол бойынша да тиісті жұмыстар атқарылуда» деп түйіндеді сөзін Г.Шрахметова.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату