Астана қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Илья Скубтан білгеніміздей, биылдан бастап түлектерді жұмысқа орналастыру үшін бос орындар жәрмеңкесін өткізу тұрақты сипат алып отыр.
Енді бұл шара үзбей өткізіліп тұратын болады. Сондай-ақ, жұмысшы мамандықтарын таңдау бойынша 9-11 сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу жалғаса бермек. Бұл үрдіске 3 мыңнан астам астаналық оқушы тартылмақ.
«Ал, Елорданың өндірістік және коммерциялық нысандарында «Менің мамандығым» тақырыбында ашық есік күндері мен бірқатар шаралар легі ұйымдастырылуда. Бұл арқылы мектеп оқушылары сұранысқа ие жұмыс барысымен танысуға мүмкіндік алады. Осылайша, техникалық және коммерциялық мамандықтарға жас буынның қызығушылығы артады деген үміт бар» дейді И.Скуб.