Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
5 мамыр, 2025 / Аман ШАМАР / Елорда

«БӨЛІНГЕНДІ БӨРІ ЖЕЙДІ» - АСТАНАЛЫҚ АҚСАҚАЛ

Тарихтың түбін қаза берсе, тереңдей береді.

«БӨЛІНГЕНДІ БӨРІ ЖЕЙДІ» - АСТАНАЛЫҚ АҚСАҚАЛ
Фото: ашық дереккөз

Жасы алпысты алқымдаған ақсақал Мұрат Өтеғалиев астаналықтарды рушылдық пен жершілдікке салынбауға және алыпқашпа әңгімелерге ермеуге шақырады.

Өйткені, тарихтың түбін қаза берсе, тереңдей береді, ақыры тұңғиыққа батырып тынады.

 «Қазақстан бүгінгі тыныш өмір мен тату ғұмырға бір сәтте қол жеткізген жоқ. Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған бұл күнге жету үшін ата-бабаларымыздың қаншама қаны төгіліп, қаншасының өмірі қыршынынан қиылды десеңізші. Сондықтан бүгінгі ұрпақ осындай құрбандықпен және қиындықпен келген бейбітшілікті бағалай білуі керек. Оның қадір-қасиетін жоғалтпай, бүгінгі марафон секілді шаралармен жастардың санасына сіңіріп отыру қажет. Әйтпесе, халқымыз «алтау ала болса, ауыздағы кетеді» деп бекерден-бекер айтқан жоқ қой. Бізді сыртқы жау мен ішкі даудан тек осы береке-бірлігіміз бен ырыс-ынтымағымыз ғана сақтап қала алады. Ал, керісінше, рушылдық пен жершілдікке салынып, ешқандай дәлелсіз-дәйексіз тарихты төңкере беретін болсақ, бір-бірімізге қарсы шығып, ақыр соңында ең басты құндылығымыз – мемлекеттігімізден айырылып қалуымыз ғажап емес. Сондықтан тарыдай болып шашылмай, көпшіл болып көбейе берейік. Қалай болғанда да, мемлекеттігіміз бен тәуелсіздігіміз тек өзімізге ғана керек екенін естен шығармауымыз керек» дейді ол.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату