Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Қазақстан-Таиланд: Халал сертификаттау және техникалық реттеу саласындағы тәжірибе

Астанада Қазақстан Республикасы мен Таиланд Корольдігінің өкілдері арасында техникалық реттеу және Халал өнімдер мен қызметтер нарығын дамыту мәселелеріне арналған жұмыс кездесуі өтті,- деп хабарлайды newsroom.kz

Қазақстан-Таиланд: Халал сертификаттау және техникалық реттеу саласындағы тәжірибе
Фото: gov.kz

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігіне қарасты Техникалық реттеу және метрология комитетінің, Қазақстан стандарттау және метрология институтының (ҚазСтандарт), Ауыл шаруашылығы министрлігінің сарапшылары, сондай-ақ Таиландтың Даму перспективаларын зерттеу институты (IFD) мен Таиланд Өнеркәсіптік экономика басқармасының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында қазақстандық тарап ҚазСтандарт құрамындағы Халал өнімдердің сәйкестігін растау органы (ОПС Халал) қызметін таныстырды. ҚазСтандарттың Халал сертификаттау саласында аккредиттелген орган болып табылатыны, әрі оның Emirates International Accreditation Centre (EIAC) халықаралық аккредитациялық орталығының ресми аттестатына ие екені атап өтілді. Аталған сертификаттау жүйесі ет және сүт өнімдерін, кондитерлік тағамдарды, сусындарды және басқа да тауар санаттарын қамтиды.

Таиланд тарапы Қазақстанның Халал өнімдерін сертификаттау тәжірибесіне қызығушылық танытып, бұл бағыттағы тәжірибені жан-жақты зерделеуге ниетті екенін білдірді. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар осы салада өзара ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру туралы келісімге келді.

Аталған жұмыс кездесуі Қазақстан мен Таиланд арасындағы техникалық реттеу және Халал сертификаттау бағытындағы әріптестікті нығайтудағы маңызды қадам болып саналады. Ол өз кезегінде екіжақты сауда қатынастарын кеңейтуге және халықаралық нарықта өнім сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату