Судьяның айтуынша, іске қатысы жоқ блогерлер тергеу әрекеттеріне қатысты субъективті баға беріп жатыр.
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 75-бабына сәйкес, елімізде сот төрелігін тек сот жүзеге асырады. Бұл процеске араласуға жол берілмейді және ол үшін жауапкершілік қарастырылған.
Сот үкімі шықпайынша, іске құқықтық баға беруге болмайды. Айыптау мен қорғау тараптарының уәждерін мұқият зерттеу қажет. Істі қарайтын судья тәуелсіз, объективті, мүдделі емес және қандай да бір ықпалға ұшырамауға тиіс. Сот тек заңға сүйеніп, бейтарап төрелік етеді», — деді Жанұзақов.
Судьяның нақтылауынша, үкім шықпай тұрып, болып жатқан оқиғаға субъективті баға беруге жол берілмейді.
«Осыған байланысты блогерлер мен басқа да әлеуметтік желі қолданушыларын арандатушы әрекеттерден бас тартуға шақырамыз. Соттың әділ әрі негізделген үкім шығаратынына кепілдік береміз», — деп түйіндеді Ержан Жанұзақов.