Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Қазақстанда 17 өңірде жастарға арналған ипотекалық бағдарлама іске қосылды

Жұмыс істейтін жастарға арналған жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы қатысушыларының 81%- ы жеңілдетілген ипотекаға өтініш берді,- деп хабарлайды newsroom.kz

Қазақстанда 17 өңірде жастарға арналған ипотекалық бағдарлама іске қосылды

2025 жылдан бастап жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы кезең-кезеңімен аяқталады.

Бағдарлама қатысушылары жалдау шартында белгіленген мерзімнің аяқталуына байланысты мемлекеттік пәтерлерден шығуда.

Оларға мемлекет тиімді балама ұсынып отыр – 17 өңірде «Отбасы банкімен» бірлесіп жастарға арналған жеңілдетілген ипотекалық бағдарлама іске қосылды. Бастапқы жарна – тұрғын үй құнының 10-20%-ын, жылдық мөлшерлеме өңірге байланысты 5-9%-ды құрайды.

Бүгінгі таңда «Отбасы банк» АҚ филиалдарына 2026 адам жүгінді. Бұл – жалдамалы тұрғын үй бағдарламасына қатысушылардың жалпы санының 81%-ы.

Нәтижесінде 647 адамға несие берілді, 321 адам баспана іздеу үстінде.

Қалған қатысушылардың төлем қабілеттілігін анықтау жұмыстары жүргізілуде.

 

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату