Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Ресей президенті Кремльдегі пәтерін көрсетті

Владимир Путин Кремльдегі пәтерін көрсетті,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы politico.kz сайтына сілтеме жасап.

Ресей президенті Кремльдегі пәтерін көрсетті
Фото: politico.kz

Ресей президенті Владимир Путин ВГТРК журналисі Павел Зарубинге арналған «Россия. Кремль. Путин. 25 лет» атты деректі фильмде Кремльдегі пәтерінің ішкі көрінісін көрсетті. Жарияланған үзіндіде алтын түсті, сәнді сылақпен безендірілген бөлме бейнеленген. Бөлмеде император Александр III-тің портреті мен ақ рояль бар.

Мемлекет басшысының жеке жаттығу залы да бар. Президент күн сайын сол жерде дене шынықтырумен айналысатынын айтты.

Президент ас әзірлейтін ас үй қандай?

Пәтерді көрсеткен соң Путин Зарубинді жарық түсті ас үйге алып барып, сүт ұсынды. Ол тоңазытқыштан өнімдерді шығарып, қонақты қандай тағаммен сыйлауға болатынын сұрады. Ас үй интерьерінде қара-ақ түсті еден және айнамен қапталған шкафтар ерекшеленді. Кейінірек екеуі бірге Кремльдегі салтанатты залда түскі ас ішті. Залда Иса пайғамбардың иконасы ілінген. Үстел үстінде түрлі соустар, банан, сүт өнімдері мен өзге де тағамдар болды.

Сұхбат барысында Путин Зарубинге мүкжидек тосабын да дәмін көруді ұсынды. Ол тосап құйылған тостағанды әкеліп, оған аздап бал қосқанын айтты.

Путин таңертеңгі жаттығуды қайда жасайды?

Кейін Путин журналисті өзінің күнделікті жаттығу жасайтын залына алып барды. Онда ол күніне бір жарым сағат спортпен айналысатынын айтты. Сонымен қатар, президент жүзу және мұзда конькимен сырғанауға да уақыт бөледі. Бұл көріністер «Россия 1» арнасынан көрсетілді.

Кремльде немерелерімен қалай кездеседі?

Путин сұхбат барысында немерелері кейде кенеттен қоңырау шалып, қонаққа барғысы келетінін айтатынын, алайда оның жұмыс кестесінің тығыздығын ескеріп, көбіне алдын ала ескертетінін жеткізді. Зарубиннің "қатал атасыз ба?" деген сұрағына президент: "Жоқ" деп жауап берді.

Депутаттар Путиннің ашықтығына баға берді

Мемлекеттік Думаның халықаралық істер жөніндегі комитеті төрағасының бірінші орынбасары Алексей Чепа Путиннің Кремльдегі пәтерін ашық көрсеткеніне жоғары баға беріп, бұл оның жасыратын ештеңесі жоқ екенін білдіретінін атап өтті.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату