Блогер Марио Науфалдың хирургиялық робототехниканың дамуы туралы жазбасына түсініктеме берген Илон Маск жақын арада роботтар тәжірибелі хирургтарға қарағанда жақсы жұмыс істей алатынын айтты.
Маск: «Роботтар бірнеше жылдың ішінде жақсы хирургтардан, ал ең жақсы хирургтардан шамамен 5 жыл ішінде асып түседі», - деп жазды Маск.
Айта кетелік, Neuralink — миды компьютерге тікелей қосу үшін нейрондық импланттарды жасайтын Илон Масктың компаниясы. Жобаның мақсаты неврологиялық аурулары бар адамдарға жоғалған функцияларын қалпына келтіруге көмектесу (мысалы, қозғалыс немесе көру), ал болашақта - адамдар мен жасанды интеллект арасындағы өзара әрекеттесу интерфейсін құру.