Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Грузия билігі ҮЕҰ-ны қаржыландыруды өз қолына алды

Грузияда үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік гранттар бөлу ісімен айналысатын арнайы агенттік ресми түрде құрылды, деп хабарлайды  newsroom.kz.

Грузия билігі ҮЕҰ-ны қаржыландыруды өз қолына алды
фото: ашық дереккөзден

Үкімет шешімімен жаңа агенттік мемлекеттік бюджет есебінен үкіметтік емес ұйымдарға грант бөлу үшін құрылған және ол Үкімет үйінде орналасады.

Агенттік басшысын премьер-министр тағайындайды және қызметтен босатады. 22 сәуірден бастап агенттік жетекшісі болып Тамар Зоделава тағайындалды.

Аталған агенттік ақпан айында қабылданған заңға сәйкес құрылып отыр. Бұл заң бойынша үкіметтік емес ұйымдарға бюджеттен қаржыландыру көзделген. Бұл шешім Грузия билігінің Батыстан грант алатын қоғамдық ұйымдарды «шетелдік мүддеге жұмыс істейді» деген риторикасымен байланысты қабылданған.

Сонымен қатар, «Грузин арманы» партиясы гранттар туралы заңға өзгерістер енгізіп, үкіметтік емес ұйымдардың шетелдік гранттарды алуы үшін мемлекетпен алдын ала келісуді міндеттеген.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату