Лот Солтүстік аукцион үйінің сайтында орналастырылған, ал аукцион 27 сәуірге белгіленген. Бастапқы баға – 100 мың рубль шамамен ( 641 206 тг).
Ақпаратқа сәйкес, құжатта визалар, Ресей шекара қызметінің мөрлері, сондай-ақ Жириновскийдің қолтаңбасы бар. 1992 жылы 19 қазанда бес жыл мерзімге берілген төлқұжат. Саясаткердің туған жері Алматы деп көрсетілген.
Айта кетелік, 2022 жылдың ақпанында Жириновский өкпесін қатты зақымдап ауруханаға жатқызылды. 6 сәуірде саясаткер ауыр және ұзаққа созылған аурудан кейін қайтыс болды.