Қайтарылған активтерді басқару компаниясы 4-7 наурызда өтетін жаңа сауда-саттық туралы жариялады, - деп хабарлайды Newsroom.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
- DE BEERS сырғасы, жалпы салмағы 6,06 карат гауһар тастармен көмкерілген, құны 158 миллион теңгеге бағаланады. Әшекей 750-ші ақ алтыннан жасалған.
-
Van Cleef & Arpels алқасы 55 миллион теңгеге бағаланған. Ол 750-ші ақ алтыннан жасалған, жалпы салмағы 16,92 карат гауһар тастармен көмкерілген және брендтің белгісі бар.
- YEPREM сақинасы 14 миллион теңгеге бағаланған. Эксклюзив сақина 750-ші ақ алтыннан жасалған және 85 гауһармен безендірілген.