Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Әкім орынбасарларына қатаң талап пен қомақты айыппұл

Қазақстан өңірлері мен республикалық маңызы бар қалалардың әкім орынбасарларына жылыту маусымының тұрақты өтуіне дербес жауапкершілікпен қатар, әкімшілік айыппұлдар да күшейтілді, деп хабарлайды newsroom.kz.

Әкім орынбасарларына қатаң талап пен қомақты айыппұл
Коллаж: Елдар Қ./Жанар Ғ.

Айыппұлдар:

  • жөндеу жұмыстарының кешігуі үшін – 50 айлық есептік көрсеткіш (196 600 теңге);
  • қысқы кезеңде отын қорының нормативін сақтамағаны үшін – 1 000 АЕК (3 932 000 теңге);
  • дайындық паспортының уақытында алынбауы үшін – 300 АЕК-тен (1 179 600 теңге) 1 500 АЕК-ке (5 898 000 теңге) дейін ұлғайтылды.

Жылу желілері мен жылумен қамтуды бақылау Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетіне жүктелген.

Айта кетейік, бұндай айыппұл сомалары қарапайым шенеунікке ауыр соғуы мүмкін. Ал кейбір қалаларда бұл лауазымға долларлық миллионерлердің тағайындалуы енді түсінікті сияқты. Мысалы, Шымкенттегі Руслан Берденов секілді.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату