Аса ауыр оқиға Қызылорда – Астана бағытындағы жолаушылар пойызында болған. Пойыз 20 сәуір күні таңғы сағат 5:00-де елордаға жетуі тиіс еді.
Куәгерлердің айтуынша, Қарағанды станциясынан өткен соң пойыз жолсерігі санитарлық аймақтағы қан ізін байқап, еденді жуа бастаған. Оның айтуынша, бүкіл әжетхана қанға боялған.
Оқиғаны байқаған бойжеткендердің бірі мән-жайды анықтауға тырысқан. Ол қан ізін әжетханадан бір купеге дейін бақылап барған. Купеде көрпенің астында жатқан әйелді тауып, жапқышты сыпырып қалған кезде, төсек түгелімен қан болғанын көреді. Сұрастыра келе әйел пойызда өзі босанғанын мойындаған. Алайда ең қорқыныштысы кейін белгілі болды: ол нәрестені вагон терезесінен лақтырып жіберген.
Ақпарат көздерінің мәліметінше, сәби мәйіті табылған.
“Аталған факті бойынша тергеу жүріп жатыр, заңға сәйкес процестік шешімдер қабылданады", дейді көліктегі полиция департаменті.
Қазір оқиғаның толық мән-жайы анықталу үстінде.
Айта кетейік оқиға "Марал-Нұр" ЖШС тиесілі жолаушылар пойызында орын алған.