Бұл мәлімдемеге байланысты Алматы қалалық полиция департаменті дереу тексеріс бастағанын хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, қалада әлеуметтік және медициналық қызметтердің қатысуымен тұрақты түрде профилактикалық рейдтер жүргізіледі. Алайда, полиция кез келген шара заң аясында, адам құқықтарын сақтай отырып жүзеге асырылуы керек екенін атап өтті.
Қазіргі уақытта үйсіздерді күштеп көшіру дерегі ресми түрде расталған жоқ. Құқық қорғау органдары тексеріс аяқталған соң, оның нәтижесін қосымша хабарлауға уәде берді.