Шараның басты мақсаты – балалардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, жеңіске деген жігерін оятып, тәжірибе жинауына мүмкіндік жасау. Ашылу салтанатына қатысқан қонақтар мен жас спортшылар бұл бастаманың ауқымына тәнті болды.
Жоба аясында 887 команда тіркеліп, 8870 бала қатысуға өтінім берген. Қатысушылар футбол, волейбол және баскетбол спорт түрлері бойынша бақ сынайды.
Жарыстар әр аудан мен қаланың орталықтарында өтеді. Өз аймағында жеңімпаз атанған командалар ақтық кезеңде өнер көрсетіп, шешуші ойындарда Талдықорған төрінде бас қосады. Жексенбі мен сенбі күндері өтетін бұл ауқымды дода – Жетісу өңірі спортын дамытуға бағытталған тың бастамалардың бірі.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, жоба алдағы жылдары да жалғасып, балалар спортының жаңа деңгейге көтерілуіне серпін береді.