БҰҰ мәліметі бойынша, кілем өндірісі 1,2-1,5 миллион ауғандықтардың күнкөріс көзі болып табылады, бұл саладағы жұмысшылардың 90%-ы әйелдер. Ал ел экономикасы тәліптер билігі кезінде құлдырағанымен, кілем экспорты өркендеп келеді.
Ауғанстанның Өнеркәсіп және сауда министрлігі тек 2024 жылдың алғашқы алты айында 8,7 миллион долларға 2,4 миллион келіден астам кілем экспортталғанын атап өтті. Экспорт Пәкістан, Үндістан, Австрия және АҚШ сияқты елдерге жіберілді.
Айта кетелік, Ауғанстанның өзінде кілемдер әлдеқайда арзан, шаршы метрі 100-150 доллардан сатылады. Тоқымашылар бір шаршы метрден шамамен 27 доллар алады, бұл бір айлық жұмыс.