«Егер адамның жинағы 5 млн теңге болса, БЖЗҚ‑дан ай сайынғы төлем 32 мың теңгені құрайды. 50 млн теңге жинаған жағдайда, сәйкесінше, төлем 350 мың теңге болады. Есептеу өте қарапайым: БЖЗҚ‑дағы жинақ сомасы 6,5 %-ға көбейтіледі, ал алынған зейнетақы жыл сайын мемлекет тарапынан 5 %-ға индекстеледі», – деді Шәріпов.
Алайда БЖЗҚ ресми статистиканы ескермейтін секілді: еліміздегі жұмыспен қамтылған азаматтардың 70 %-дан астамы орташа жалақыдан төмен табыс табады, ал әр үшінші қызметкердің айлығы 250 мың теңгеден аспайды.
30 жылдан кейін инфляция бұл «зейнетақы жинақтарын» жай ғана құнсыздандырып жіберуі мүмкін.
Оның үстіне, соңғы 10 жылда БЖЗҚ активтерінің жылдық кірістілігі небәрі 1,16 %-ды құраса, 1998 жылдан бергі ресми инфляция 838 %-ға жеткен. Яғни зейнетақы жинақтарының нақты кірістілігінің теріс болуы – заңды құбылыс.
«Злобная татешка» Telegram‑арнасы да талай рет БЖЗҚ‑ның тиімсіз, елге де, азаматтарға да пайдасы жоқ құрылым екенін, ең бастысы – ол алдағы бірнеше жылда, тіпті айда күйреуі мүмкін екенін ескерткен.
БЖЗҚ активтерінің 44 %-ы Қазақстан Қаржы министрлігінің облигацияларына салынған, бұл үкіметтің қарапайым «сақтандыру жастығы» болып отыр. Мұндай салымның жалғыз плюсі – егер АҚШ, Ұлыбритания немесе ЕО Қазақстанға санкция салса, бұл облигациялар оларға бұйырмайды; алайда теңгенің құнсыздануы ықтимал.
Қазір БЖЗҚ табыстылығы негізінен бюджет есебінен қамтамасыз етіледі. Бұл – зейнетақы қаражатымен қазынаны несие түрінде қолдау саясатының нәтижесі.
Перспективасы көңіл көншітпейді: құрылымы жабық әрі мөлдір емес, толығымен мемлекеттік (бірақ бұл тұсы – минус емес). БЖЗҚ – зейнетақы жүйесіндегі артық буын, Ұлттық банкке зейнетақы активтерін сенімді басқару ұнаса да.
Ұлттық банк БЖЗҚ кірістілігін «жоғары тәуекелді құралдарға» инвестиция салу арқылы 2 %-ға көтереміз деп уәде береді, бірақ бір мезгілде қаражатты жоғалту қаупі барын да ескертеді.
Мұндай келеңсіздік орын алып кетпей тұрған кезде, кері бағыттағы реформа – контрреформа жасау қажет. Яғни зейнетақы жүйесін толықтай ұрпақтар ынтымақтастығы қағидатына қайта көшіру керек: қазіргі зейнеткерлерге төлемді болашақ зейнеткерлердің аударымдары есебінен үкімет төлейтін модельге оралу қажет.