Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Бүгінгі ауа райы болжамы қандай?

«Қазгидромет» 17 сәуір, бейсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады. Ел аумағының көптеген өңірлерінде жауын-шашын жауып, жел күшейеді, деп хабарлайды newsroom.kz.

Бүгінгі ауа райы болжамы қандай?
Фото: sevkavportal

Астанада аспан бұлтты, жаңбыр жауады. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетіп, кей сәттерде 24 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін. Түнде ауа температурасы +3...+5°C, күндіз +8...+10°C.

Алматыда күн бұлтты, бірақ жауын-шашынсыз өтеді. Жел – 3-8 м/с. Түнде +5…+7°C, күндіз +17…+19°C.

Шымкентте күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел күші – 8-13 м/с, екпіні 20 м/с-қа дейін. Түнгі температура +8...+10°C, күндіз +22…+24°C.

Ақтауда жауын-шашынсыз, күн бұлтты. Жел – 9-14 м/с. Түнде +8...+10°C, күндіз +19...+21°C.

Ақтөбеде күн ашық, жауын-шашын жоқ. Жел – 1-6 м/с, кей жерлерде 10 м/с-қа дейін. Түнде +2...+4°C, күндіз +16…+18°C.

Атырауда бұлт аралас, бірақ жауын-шашынсыз. Жел – 5-10 м/с. Түнде +6…+8°C, күндіз +22…+24°C.

Жезқазғанда күн бұлтты, жауын-шашын болмайды. Жел – 5-10 м/с. Түнде +3...+5°C, күндіз +13...+15°C.

Қарағандыда аспан бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел – 9-14 м/с, екпіні 20 м/с-қа дейін. Түнде +1...+3°C, күндіз +10...+12°C.

Көкшетауда бұлтты, қар аралас жаңбыр жауады. Жел күші – 15-20 м/с, кей сәттерде 23 м/с-қа жетеді. Ауа температурасы түнде де, күндіз де +3…+5°C.

Қонаевта жауын-шашынсыз, күн бұлтты. Жел – 9-14 м/с, екпіні 20 м/с-қа дейін. Түнде +4…+6°C, күндіз +18…+20°C.

Қостанайда жауын-шашынсыз, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Түнгі температура 0...+2°C, күндіз +7…+9°C.

Қызылордада күн ашық. Жел – 9-14 м/с, екпіні 20 м/с-қа дейін. Түнде +6...+8°C, күндіз +20…+22°C.

Павлодарда жаңбыр жауады. Жел 23 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде +4...+6°C, күндіз +11…+13°C.

Петропавлда қар аралас жаңбыр жауады. Жел – 15-20 м/с, екпіні 25 м/с. Түнде 0...+2°C, күндіз +2…+4°C.

Семейде жауын-шашынсыз, бұлтты. Жел – 5-10 м/с, кейде 15-18 м/с. Түнде +2…+4°C, күндіз +18…+20°C.

Талдықорғанда жауын-шашынсыз, бұлтты. Жел – 5-10 м/с. Түнде +1…+3°C, топырақ бетінде -2°C-қа дейін суытады. Күндіз +18…+20°C.

Таразда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел – 9-14 м/с, екпіні 20 м/с-қа дейін. Түнде +2...+4°C, күндіз +19…+21°C.

Түркістанда бұлт аралас, бірақ жауын-шашынсыз. Жел – 8-13 м/с, екпіні 20 м/с-қа дейін. Түнде +7...+9°C, күндіз +24...+26°C.

Оралда жауын-шашынсыз. Жел – 2-7 м/с. Түнгі температура +3...+5°C, күндіз +18…+20°C.

Өскеменде күн ашық, жауын-шашынсыз. Жел – 9-14 м/с. Түнде +2…+4°C, күндіз +18…+20°C.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату