“Шымкенттегі "Жастар ресурстық орталығының' басшысы әлеуметтік желідегі "акиматовский" жазбаларға лайк баспаған қызметкерлерін жаппай жазалай бастапты. Тіпті лүпіл қоймағандарды тізімдеп, жиналыста жұрттың көзінше масқаралайтын көрінеді. Жиналысқа салғаны былай тұрсын, бұйрық шығарып ресми түрде "ескерту" жасалыпты”, – деп жазды журналист.
Оның айтуынша, лайк басу немесе баспау – әр азаматтың жеке еркі. Ал оны міндеттеу – еркіндікті шектеумен тең.
“Бұрын осындай жұмыстарға мұғалімдерді жегуші еді. Енді әлеуметтік желінің тілін түсінетін жастарды "лайкшыл" жасауда. Лайкқа лайық жазбаны жұрт онсызда оқиды, таратады, бөліседі. Шымкенттегі шолақбелсенділерге соны жеткізіңдерші халайық!!!” – дейді Диас Нұрақын.
Бұл жағдай әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу пікірталас тудырды. Көпшілік мемлекеттік мекеме тарапынан мұндай қадамға бару артықшылық әрі заңға қайшы екенін айтуда.