Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Бүгін, 09:09 / Перизат Ілес / Білім

Шетелдік ЖОО-ның филиалы ашылды: Жетісу университетінде қандай өзгерістер бар?

Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде республикалық баспасөз туры өтті,- деп хабарлайды newsroom.kz

Шетелдік ЖОО-ның филиалы ашылды: Жетісу университетінде қандай өзгерістер бар?

Бәріңізге мәлім 2011 жылы ҚР Президентінің жарлығымен 12 сәуір- Ғылым қызметкерлері күні болып, қабылданған болатын. І.Жансүгіров атындағы Жетісу  университеті ғылым саласында жұмыстар жасап жатыр. Былтырғы жылы біз университет тарапының қаржыландыру есебінен 3 үлкен нысандарды іске қостық. Ол жаңадан салынған кампус. "Марке политехникалық университетінің" филиалы ашылды. Сондай-ақ, "STEM" лаборатория,  жылыжай, 10-ға жуық зертханалар ашылды. Оның бәрі әрине, Ғылым және жоғары білім министрлігінің қаржыландыру жобалары аясында ашылып жатыр,- деді университет ректоры Ермек Бөрібаев.

Қазіргі таңда университетте 8 нысаналы-бағдарламалы қаржыландыру, 7 гранттық қаржыландыру, 11 «Жас ғалым» гранттық қаржыландыру, 1 коммерциализация бағыты бойынша  жобалар жүзеге асырылып жатыр.

Сондай-ақ, университетте Huawei ақпараттық-коммуникациялық технологиялар академиясы (АКТ) бар. Академия АКТ саласында жоғары білікті мамандарды даярлау мақсатында 2024 жылдың сәуір айында ашылды.

2025 жылдың қаңтар-ақпан айлары аралығында Huawei академиясы қазақ және ағылшын тілдерінде жасанды интеллект бойынша жаппай онлайн курс өткізді. Тренингке университеттің барлық студенттері қатысты және курстың соңында барлық 4777 студент оқуды сәтті аяқтап, халықаралық Huawei сертификаттарын алды.

Сонымен қатар,І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде 2018 жылдың сәуір айында заманауи станоктармен жабдықталған оқу-өндірістік цех ашылды.

Алғашында оқу-өндірістік цехта кәсіптік білім  беру білімгерлеріне тәжірибелік сабақтар жүргізіліп, бағыт-бағдар беріліп, тәжірибелік білімдері шыңдалататын. Қазір уақытты цех өндірістік болып жұмыс істеуде.

Сондай-ақ, университетте Журналистика факультетіндегі студенттер радио және телестудияға барып, білімдерін шыңдауда. 

"Жалпы осы жылы университет табалдырығын аттаған болатынмын. Университте студенттерге барлық жағдай жасалған, радио және телестудия бар. Университет журналистика мамандығына толық жағдай жасап отыр,- деді "Журналистика" факультетінің 1 курс студенті Исаева Томирис.

Айта кетелік, университет ректоры Ермек Бөрібаевтың айтуынша, 70-ке жуық мемлекетпен академиялық ұтқырлық бойынша келісімшарт жасалған. 

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату