Қытайдың Ресейдегі елшісі Чжан Ханьхуэй ресейлік газдың Қазақстан арқылы Қытайға жеткізілуі тым қымбат әрі техникалық жағынан күрделі екенін айтты. Ол Қазақстандағы қолданыстағы газ құбыры қазірдің өзінде шамадан тыс жүктелгенін, жаңасын салу тым қымбат екенін, сондықтан балама ретінде Моңғолия арқылы өтетін «Сібір қуаты 2» жобасына назар аударуды ұсынды.
Қазіргі уақытта ресейлік газ Қытайға 2024 жылы 31 миллиард текше метр отын жеткізген. Ол 2024 жылдың соңында 38 миллиард текше метр толық қуатына жетті. «Сібір қуаты 2» екінші газ құбыры бойынша келіссөздер әлі де жалғасуда, өйткені тараптар газ бағасын арзандату туралы Қытаймен келісе қойған жоқ.
Қазақстан арқылы өтетін газ құбырының жобасы 2024 жылдың қараша айынан бастап қарастырылуда. Ол жылына 45 миллиард текше метрге дейін газ жеткізе алады, оның 10 миллиарды солтүстік-шығыс Қазақстанды газбен қамтамасыз етуге жұмсалады деп жоспарланған. 2024 жылдың қарашасында Ресей премьер-министрінің орынбасары Александр Новак бұл бағыт дамудың бастапқы кезеңінде екенін мәлімдеді.