Көпшілік пилон спортын би емес, арсыздықпен шатастырып жатады. Шын мәнінде, бұл — акробатикалық элементтерден тұратын ресми спорт түрі. Бірақ бұл жолы да кей қазақстандықтар Қадыроваға шүйлігіп, ұлттық киіммен ондай би көрсету дәстүрге қайшы деп айыптады.
Ал Бақыт Қадырова бұл жай ғана шоу немесе әдепсіз қылық емес, ресми спорт түрі екенін еске салды.
— Мен мықты әйелдердің сұлулығы мен шеберлігін паш етіп жүрмін. Мен дәстүр мен өзін еркін көрсету құқығын қатар алып жүрген жаңа буын өкілімін, — деді спортшы.