Оның айтуынша, жыл басынан бері ел аумағында пойыздардың шұғыл тежелуіне қатысты 333 оқиға тіркелген. Оның 71-і – темір жол бойында жүрген адамдарға байланысты болса, 248 жағдай рельстерге жануарлардың шығуы және өзге де себептермен болған.
– Мәселен, соңғы бір тәулікте Шымкентте екі жағдай тіркелді. Адамдар белгіленбеген жерден темір жолды кесіп өтпек болып, пойыз астына түсу қаупі туды. Абырой болғанда, машинистер дер кезінде тоқтап үлгеріп, қайғылы жағдайдың алдын алды. Екі азамат та жауапкершілікке тартылды, – деді Құрмет Мәжікенов.