Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Өзбекстан ЕАБР-ға қосылды: Өз капиталымен өңірді дамытпақ

Қазақстан Еуразиялық даму банкінің құрылтайшысы ретінде 2006 жылдан бері оның қатысушысы саналады.

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев елдің Еуразиялық даму банкіне (ЕАДБ) қосылуын мақұлдайтын заңға қол қойды. Осылайша Өзбекстан банктің жетінші қатысушысы болып, жарғылық капиталда 10% үлеске ие үшінші ірі акционер атанбақ, деп хабарлайды newsroom.kz  ЕАДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап

Өзбекстан ЕАБР-ға қосылды: Өз капиталымен өңірді дамытпақ
Фото: tutu.ru

Банк басқармасының төрағасы Николай Подгузов Өзбекстанның шешімін құптап, бұл қадам елдің және бүкіл өңірдің экономикалық дамуына жол ашатынын атап өтті.

– Өзбекстанның Еуразиялық даму банкінің мүшесі атануы – үлкен мүмкіндік. Банк Өзбекстанның тұрақты әрі жылдам дамуына, азаматтарының әл-ауқатын арттыруға қолдау көрсетеді. Қазірдің өзінде республикада алғашқы инвестициялық жобаларды әзірлеу басталып кетті, оларды банк биыл қаржыландыруды жоспарлап отыр. Әр жаңа жоба және әр жаңа қатысушы банк миссиясын – Еуразия өңірінің тұрақты дамуына ықпал етуді – нығайта түседі, – деді Николай Подгузов.

Еуразиялық даму банкі – Еуразия кеңістігінде инвестициялық қызмет жүргізетін көпжақты қаржы ұйымы. 2025 жылға қарай банктің қоржынында жалпы құны 16,5 миллиард доллар болатын 305 жоба бар. Портфельдің басым бөлігін көлік инфрақұрылымы, цифрлық жүйелер, жасыл энергетика, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп пен машина жасау салаларындағы интеграциялық жобалар құрайды.

Қазақстан 2006 жылы банкке мүше болды. 2023 жылдың басында ЕАДБ Ресейдің үлесі 65,98%-дан 44,79%-ға төмендегенін хабарлады. Бос үлес 21,2% көлемінде өзге қатысушы мемлекеттер арасында тең бөлінді. Нәтижесінде Қазақстанның үлесі 37,29%-ға өсті. Сондай-ақ Армения мен Қырғызстанның әрқайсысының үлесі 4,23%-ды, Беларусьтің үлесі 5,21%-ды, Тәжікстанның үлесі 4,25%-ды құрады.

 

 

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату