Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Ұлттық тасымалдаушы жаңа логистикалық мүмкіндіктерге жол ашты

Астанадан Алматыға Talgo пойызы арқылы алғаш рет салмағы 1 тонна 700 келі болатын коммерциялық жүк жеткізілді. Бұл жүк тасымалы Ұлттық тасымалдаушы мен еліміздегі киім-кешек дүкендерінің 80%-дан астамына қызмет көрсететін, LTL-жеткізу бойынша жетекші Warehouse Management IAA логистикалық компаниясының бірлескен серіктестігі арқылы жүзеге асты, деп хабарлайды newsroom.kz «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі сілтеме жасап.

Ұлттық тасымалдаушы жаңа логистикалық мүмкіндіктерге жол ашты
Фото: қтж

Бұл жоба – тұтынушыларға тауарды жылдам жеткізу, тасымалдау сапасын арттыру және сән индустриясындағы бизнеске сапалы қызмет ұсыну арқылы заманауи әрі тиімді логистикалық жүйе қалыптастыруды көздейді.
Warehouse Management IAA – Қазақстандағы ең ірі 10 логистикалық провайдердің қатарына кіреді. Компания LC Waikiki, Koton, DeFacto, Adidas, ECCO, Mango, Guess, Reserved секілді әлемге танымал брендтерге қызмет көрсетеді. Қазіргі уақытта Ұлттық тасымалдаушымен бірлесіп, Алматы, Астана, Шымкент, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай және басқа да ірі қалалар арасында тұрақты жүк тасымалын дамыту жоспарланып отыр.
Жаңа логистикалық модель 1000-нан астам дүкен мен еліміздің ірі сауда ойын-сауық орталықтарындағы 2500-ге жуық сауда нүктесіне  тауар жеткізу үдерісін оңтайландырады.
Жүк тасымалын жолаушылар пойыздары арқылы жүзеге асыру логистикалық шығындарды айтарлықтай азайтып, жеткізу процесін жақсартуға және өңірлерде тауарлардың қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Ұлттық тасымалдаушының айтуынша, бұл логистикалық модель жолаушылардың қауіпсіздігіне ешқандай қауіп төндірмейді және бизнес өкілдеріне көлік логистикасы бағытында тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату