weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қарағандыда студенттер жатақханасы өртенді: зардап шеккендер бар

2 сәуірге қараған түні Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің тоғыз қабатты жатақханасында өрт шығып,  10 студент зардап шекті, деп хабарлайды newsroom.kz.

Қарағандыда студенттер жатақханасы өртенді: зардап шеккендер бар
Фото: Қарағанды облысы ТЖД

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі мәліметінше, ғимараттың бірінші қабатында қоқыс жәшігінде 1,5 шаршы метр аумақта қоқыс жанған.

«ТЖД күштері жатақханадан төрт адамды құтқарды. Құтқарушылардың үйлесімді әрекетінің арқасында өрт 19 минут ішінде сөндірілді. Алдын ала болжам бойынша өрттің себебі – ашық от көзі», деп хабарлады ТЖД.

Өрттің аумағы үлкен болмағанына және құтқарушылардың жедел жұмысына қарамастан, зардап шеккендер бар. Он студент Х. Мақажанов атындағы ауруханаға және облыстық балалар клиникалық ауруханасына кеңейтілген тексеру үшін жеткізілген.

«Олардың ауруханаға түскен кездегі жағдайы тұрақты деп бағаланды және қазіргі уақытта нашарлау жоқ. Қосымша тексеру жүргізіліп жатыр, содан кейін амбулаториялық емдеу тағайындалады», деп хабарлады Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→