weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы Жеңістің 80 жылдығына орай 80 бейнеролик түсірді

«Ержүрек есімдер» атты бейнероликтер циклы 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен 80 қазақстандық батыр туралы баяндайды. Роликтерде әрбір кейіпкердің өмір жолы мен жауынгерлік ерлігі,  жеңіске қосқан үлесі көрсетіледі,- деп хабарлайды newsroom.kz

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы Жеңістің 80 жылдығына орай 80 бейнеролик түсірді

Бейнероликтер топтамасы «Qazaqstan» телеарнасы мен «Қазақстан телерадиокорпорациясына қарасты 14 аймақтық телеарналардың эфирінен 27 наурыздан бастап, 9 мамыр – Жеңіс күніне дейін көрсетіледі.

Жобаның мақсаты - соғысқа қатысқан қазақстандық батырлар туралы ақпараттарды жүйелей отырып,  олардың тарихи ерлігіне құрмет қалыптастыру. Бейнероликтер көрермендердің Қазақстанның жеңіске қосқан үлесі туралы білімін кеңейтуге, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеп, тарихқа қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді.

«Ержүрек есімдер» жобасын жасауда республика бойынша әр өңірдің Ардагерлер кеңесі ұйымынан, батырлардың ұрпақтарынан автобиографиясы мен естеліктер жинақталды. Сондай-ақ, «Ұмытылған қаһармандар» (2019 ж.), «Герои Великой Победы – Казахстанцы» (І том, 2016 ж.), «Герои Великой Победы – Казахстанцы» (ІІ том, 2016 ж.), «Сайыпқыран сарбаздар» (2022 ж.) кітаптарынан ақпарат алынды.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→