weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Теміртауда қарияны соққыға жыққан жасөспірімдер ұсталды

Теміртау қаласында кәмелетке толмаған жасөспірімдер өзін электрші ретінде таныстырып, жалғыз тұратын қарияның үйіне кіріп, оны соққыға жыққан. Олар бұл сәтті видеоға түсіріп, желіге жүктеген, деп хабарлайды newsroom.kz. Бұл туралы Қарағанды облыстық полиция департаменті мәлімдеді.

Теміртауда қарияны соққыға жыққан жасөспірімдер ұсталды
Фото: видеодан кадр

Теміртауда жасөспірімдер қарт кісіні ұрып-соғып, видеоны әлеуметтік желіге жүктеген.

Полиция барлық күдіктілерді анықтады. Қарағанды облыстық полиция департаментінің мәліметінше, барлық жасөспірімдер анықталып, заңды өкілдерімен бірге Теміртау қаласының шығыс полиция бөліміне жеткізілген.

"Аталған дерек бойынша 29 наурызда қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде", – деп хабарлады облыстық полиция департаменті.