Елорданың Нұра ауданында, Ерейментау 1 мекенжайында орналасқан зәулім үй бастапқы бағасы 1,8 млрд теңгемен сатылымға шығарылды.
Үй бір гектарға жуық жер телімімен, сонымен қатар аукциондық құжаттаманың мәліметтері бойынша 879 жылжымалы мүлік кіретін барлық ішкі жиһаздарымен бірге сатылды. Оның ішінде 628,6 мың және 575,2 мың теңгеге бағаланған қымбат жиһаздар, картиналар, қытайлық вазалар, қаламсап сияқты коллекциялық бұйымдар бар.