Жеңілдікті алуға құқығы бар:
• I, II және III топтағы мүгедектер, сондай-ақ мүгедек балалар (растайтын құжаттарымен).
• Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларды алып жүретін адамдарға билет құнына 50% жеңілдік қарастырылған.
7 жасқа дейінгі балалар бөлек орынсыз тегін жүруге құқылы. Бөлек орынды брондау кезінде 50% жеңілдік қарастырылған.
• 7 мен 15 жас аралығындағы мектеп оқушылары 50% жеңілдік алады.
Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік маңызы бар бағыттарда 50 пайыздық жеңілдіктер қарастырылған. «Тальго» типті коммерциялық пойыздарда, ілеспе адамды қоса алғанда, ұқсас шарттар қолданылады, бірақ тек арнайы купелерде.
Жеңілдікпен билеттерді қалай алуға болады Ерекше қажеттіліктері бар адамдар веб-сайтта ЖСН мен мүгедектік куәлігінің нөмірін көрсете отырып, жеңілдетілген пойыз билеттеріне онлайн өтініш бере алады. Бұл енді алты таңбалы әлеуметтік ID кодын енгізуді қажет етпейді.
— Билеттерді сатып алу кезінде теміржол билеттерін сату жүйесінің Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректер базасымен интеграциялануының арқасында барлық деректер автоматты түрде тексеріледі, — деді «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз хатшысы Нариман Дюсекеев.
Билетті bilet.railways.kz ресми порталынан, «ҚТЖ билеттері» мобильді қосымшасынан немесе басқа интернет-платформалардан сатып алуға болады.
.