Жыл сайынғы акция аясында қала тұрғындары көпқабатты үйлердің аулалары мен қоғамдық кеңістіктерді көгалдандыру үшін жапырақты ағаштардың көшеттерін тегін ала алады. Акцияның негізгі мақсаты-жасыл қорды көгалдандыру және сақтау бағдарламасын жалғастыру, сондай-ақ тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Акцияның көктемгі кезеңіне қатысу үшін өтінімдерді қабылдау 2025 жылғы 1-11 сәуір аралығында жалғасады.
Қатысу үшін zhasyl_aula_2025@mail.ru электрондық мекенжайға мына деректертерді жіберу қажет:
• Бастамашыл тұлғаның аты-жөні және байланыс деректері,көшет отырғызылатын нақты мекенжай;
• Жоспарланған отырғызу алаңының бірнеше фотосуреті (мамандар орналасқан жерді бағалай алатындай панорамалық фотосурет);
• Көшеттердің қажетті санын көрсетіңіз.
Акцияға қатысатын қала тұрғындары болашақта көшет отырғызу туралы фоторепортаж ұсынуы қажет.