Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

«Мерекеден керегі арзан қойылым емес, құндылық»: белгілі журналист Наурыз қойылымдарын сынға алды

Наурыз сейрамында Жамбыл облысында өткен іс-шара кезінде тетрландырылған көрініске шыққан жылқы аяқ астынан мөңкіп, үстіндегі адамды жығып кете жаздады. Ол аздай бас бермей тулаған жануар жиылған көпшіліктің ортасына кіріп, адамдарды таптап кетті. Олардың ішінде қариялар мен балалар болды. Осы оқиғаға қатысты белгілі журналист, тарихшы Серік Әбікенұлы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында пікір білдірді, деп хабарлайды newsroom.kz.

«Мерекеден керегі арзан қойылым емес, құндылық»: белгілі журналист Наурыз қойылымдарын сынға алды
видеодан кадр

"Осы деймін, ұлттық киіммен қымбат автоға отыруға болмай ма? Неге шапан кигеннің бәрі не ат, не түйеге ғана мінеді?! Қызыл-жасыл киінген қыз-жігіттер кабриолет үстінде бұрала билесе, әншілер “Хаммер” үстінде құйқылжытса Наурыздың сәні кетіп қала ма? Ұлт десе жалпыадамзаттық эволюциядан қалып қойған әпенді секілді өзімізді орта ғасырларға бір-ақ сүйреп апарамыз, жасанды қойылым, тозған жарақтар, құрым киіз, арба, қамшы, түйе, тоқ ішегің түскенше қой көтеріп жарысу… Күйіп кеткеннен соң айтасың ғой, қазір ғана бір бейнежазба көрдім, қойылым үстінде ат үркіп, кимешек кигізіп, қаздай тізіп отырғызып қойған апаларды, алдарында отырған немере-шөберелерін таптап кетті. Обал-ай… Тұяғының тегеурінімен түркіге теңдік әперген тұлпарды тойхананың бетон еденінде тайғанақтатып қорлағандарды да көріп едік, енді оның есек емесін ұмытып, көп ішіне кіргізе салған кещелікті де көрдік. Ата-баба дәстүрін сақтаймыз десек, ең әуелі атты аялауды үйренейік! Сонда мүмкін қазақтың ат-арбадан баяғыда түсіп, ұшақ, зымыранға ауысып алған халық екені жетемізге жетер. Мерекеден керегі арзан қойылым емес, құндылық", - деді ол өз жазбасында.

Айта кетейік, Наурыз мейрамы кезінде үй жануарлары қатысқан мұндай оқыс оқиғалар  еліміздің бірнеше өңірінде орын алған еді.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату