Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

23 наурызға арналған ауа райы болжамы

3 наурыз күні республиканың басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады. Кей жерлерде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Елдің орталығы мен солтүстігінде қатты жауын-шашын күтіледі. Антициклон жотасының әсерінен солтүстік-батыста ауа райы көбіне жауын-шашынсыз болады. Жекелеген өңірлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, екпінді жел, оңтүстікте найзағай болжанады. Бұл туралы Қазгидромет мәлімдеді.

23 наурызға арналған ауа райы болжамы

Атап айтқанда, Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай, тұман болады, желдің екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының күндіз кей жерлерінде найзағай, тұман болжанады. 15-20 м/с күшпен соғатын желдің жылдамдығы таңертең және күндіз 23-28 м/с артады.

Қарағанды, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, желдің екпіні 15-20 м/с артады. Желдің екпіні Ақмола облысында 23 м/с, Қарағанды облысында 23-28 м/с жетеді.

Алматы облысының күндіз кей жерлерінде 18-23 м/с жылдамдықта жел, тұрады. Жалаңашкол ауданында екпіні 28 м/с күшейеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, түнде көктайғақ болады. 15-20 м/с күшпен жел соғады.

Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарының түнде және таңертең кей жерлерінде тұман күтіледі. Маңғыстау облысында желдің екпіні ың күндіз 15-20 м/с күшейеді.

Павлодар, Шығыс Қазақстан обллыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болжанады. Күндіз желдің күші 15-20 м/с жетеді. Павлодар облысында сондай-ақ жаяу бұрқасын болады.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады.

 

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату