weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
22 наурыз, 2025 / Перизат Ілес / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Танымал журналист бізде Хусанов сияқты ойыншы шықпағанын ашына жазыпты

Танымал журналист бізде Хусанов сияқты ойыншы шықпағанын ашына жазды,- деп хабарлайды newsroom.kz

Танымал журналист бізде Хусанов сияқты ойыншы шықпағанын ашына жазыпты

"Хусановтың "Манситиге" ауысқаны біздің билікке және Футбол федерациясына бір бәле болды ше. Әр жерге келіп Дастан Сәтпаевты қыстыра береді. Тура бір өзбекпен күндес әйелдер сияқты.

Мынау енді не сөз?! Қазақстан құрамасының бас бапкері Али Алиев: "Абдукодир Хусановты 16 жасында ешкім таныған жоқ, ал Сәтпаев – біздің жұлдыз" деп отыр Уэльсте.

Жарайды, Дастанды мақтай бер, бірақ Хусановты не үшін кемсітіп отырсың? 

Шынын айту керек, бізде Хусанов сияқты әлі ойыншы жоқ. Өзбектер футболдан да, бокстан да біздің алдымызда. 

Оның үстіне, Дастан әлі 16 жаста, 18-ге толғанда ғана "Челсиге" барады. Ал, "Челси" оны екі жылдан кейін керек қыла ма, қылмай ма – ол жағы да белгісіз.

Өзбекті көре алмасаң, онда солардан екі есе көп жұмыс істе, жақсы жұмыс істе, коррупцияны тоқтат. Сосын Хусановты сынайсың ба, Шомуродовты сынайсың ба, өзің біл. 

Қол жеткізген дымың жоқ па, "мыңқ-мыңқ" етіп жамандама"- деп жазды ол.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→