Индира Жылқайдарова әр жылдары еліміздің ірі телеарналарында қызмет атқарған. Ол «7 арнада» жұмыс істеп, соңғы он жылын «Хабар» телеарнасына арнады.
Журналист «Хабар» телеарнасындағы «Жеті күн» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасында редактор-талдаушы қызметін атқарды.
Индира Орынбайқызы кәсіби білімі мен тәжірибесі, жауапкершілігі және журналистикаға деген адалдығымен әріптестері арасында үлкен құрметке ие болды. Оның кәсіби еңбегі мен журналистика саласындағы жетістіктері түрлі байқауларда жоғары бағаланған.
Әріптестері үшін бұл – орны толмас қаза. Индира Жылқайдарованың жарқын бейнесі мен кәсіби мұрасы оны білетін жандардың жүрегінде сақталады.
Newsroom.kz редакциясы марқұмның ата-анасы мен туған-туыстарына, жақындарына қайғырып көңіл айтады.
Марқұмның жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын.