Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

1 сағатта 500 тақия тігіп рекорд орнатты

Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 100 қолөнер шебері небәрі 1 сағат ішінде 500 тақия тігіп, Қазақстанның рекордтар кітабына (КИнЭС) енді, деп хабарлайды newsroom.kz порталы «24KZ»-кесілтеме жасап.

1 сағатта 500 тақия тігіп рекорд орнатты
фото: видеодан кадр

Рекорд орнатуға қатысқан ең жас тігінші  9 жаста. Бұл – қазақстандық ісмерлердің рекордтар кітабына алғаш рет енуі емес. Бұған дейін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында 450 шеберден құралған топ жалпы ауданы 11 мың шаршы метрден асатын құрақ көрпе тігіп, әлемдік рекорд орнатқан болатын.

КИнЭС-тің ресми өкілі Қуандық Құдайбергенов:
"Қазақстан рекордтар кітабы мұндай бастамаларды қолдайды. 500 тақияны аз уақыт ішінде тігу – оңай шаруа емес. Бұл – тек техникалық тұрғыдан ғана емес, уақыт шектеуі тұрғысынан да қиын. Алайда бұл – коммерциялық емес, таза әлеуметтік жоба."

Іс-шара «Конгресс-орталықта» өтті. Бүгін дәл осы жерде ұлттық стильдегі сән көрсетілімі өтеді. Сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтары зергерлік бұйымдар, этникалық картиналар мен киімдер қойылған көрмені тамашалай алады.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату