weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстан ферроқорытпа өндіру бойынша бір циклда әлемдік рекорд орнатты

Ақтөбе ферроқорытпа зауытында бір технологиялық цикл ішінде феррохром өндіру көлемі бойынша әлемдік рекорд тіркелді. Бір ғана электрдоғалы пештен металлургтер 177 тонна өнім алған.

Қазақстан ферроқорытпа өндіру бойынша бір циклда әлемдік рекорд орнатты
Фото: egemen

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, бұл көрсеткіш World Book of Records (WBR) ұйымы тарапынан тәуелсіз сарапшылардың қатысуымен ресми түрде расталды.

Зауыт мамандарының айтуынша, әдетте мұндай пеш бір циклде 50–60 тонна ферроқорытпа береді. Алайда жаңа техникалық шешімдердің арқасында бұл көрсеткіш айтарлықтай артқан. Рекорд №43 пеште тіркелді.

«Бұл — біздің мамандардың кәсібилігі мен Қазақстанның өнеркәсіптік әлеуетін айқын көрсететін жетістік», — деді Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров зауыт ұжымын құттықтап.

Рекорд тіркеу рәсімі ресми түрде метрология қызметі мамандары мен WBR өкілдерінің қатысуымен өтті.

Металлургтер бұл жетістіктерін Қазақстандағы Жұмысшы мамандықтары жылына және компанияның 30 жылдығына арнады.

Өткен жылы кәсіпорын 1,85 миллион тонна ферроқорытпа өндіріп, өзінің тарихи көрсеткішін жаңартқан.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→