"Маңғыстауда ұлттық киім кигеннен, Қарағандыда күбі пісуден, Астанада бір мезетте 3000 қыз қамажай билеуден, домбыра шертуден рекорд қойдық деп жатамыз. Осындай қойнялардан шаршамадық па? Кімге не дәлелдеп жатырмыз? Бәрінің артын қазсаң, біреудің жобасы болып шықса таң қалмаймын. Ақша жеудің креативті жолдарын қашан үйренеміз?" – деп жазды ол.
Блогердің бұл пікірі желі қолданушылары арасында қызу талқыланды. Бірі мұндай іс-шаралар ұлттық мәдениетті дәріптеудің бір жолы десе, енді бірі Наурызды тойлауда мазмұнға емес, сыртқы эффектке көп мән берілетінін айтады.
Айта кетейік, биыл Наурыз мерекесі аясында түрлі ұлттық ойындар, жаппай ән айту, киіз үй тігу сияқты шаралар ұйымдастырылып, рекордтар орнату жалғасып жатыр.