Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Бүгін бәйгеден ел біріншілігі өтеді

Бүгін – онкүндік Наурызнама мерекесінің ұлттық спортқа арналған күні. Осыған орай, Шымкентте бәйгеден Қазақстан чемпионатының алғашқы кезеңі өтеді. Атбегілер Ордабасыда жүйріктерін баптап, аламан бәйгеге дайындалуда, деп хабарлайды newsroom.kz. 

Бүгін бәйгеден ел біріншілігі өтеді

Жарыс бағдарламасына сәйкес:
Құнан бәйге – 7 шақырым
Ұшқыр аттар жарысы – 5 шақырым
Топ бәйге – 12 шақырым
Аламан бәйге – 18 шақырым

Жарыстың жалпы жүлде қоры – 22 миллион теңге.

Шымкенттен кейін ел чемпионатының іріктеу кезеңдері Қызылорда, Талдықорған, Көкшетау, Семей, Павлодар және Ақтөбе қалаларында жалғасады. Бұл жарыстарда үздік шыққан тұлпарлар финалдық бәйгеге жолдама алады.

Финал 28 қыркүйекте Тараз қаласында өтеді.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату