Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
19 наурыз, 2025 / Аман ШАМАР / Сараптама

Көпұлтты жанұя көпшілікті сүйсінтті! (+ФОТО)

Көпұлтты жанұя көпшілікті сүйсінтті, - деп хабарлайды newsroom.kz

Көпұлтты жанұя көпшілікті сүйсінтті! (+ФОТО)
Фото: Atpress.kz

Атыраулық Татьяна Любина мен Қуанышқали Тасмағамбетовтердің көпұлтты отбасы көпшілікті сүйсінтті, - деп хабарлайды newsroom.kz

Татьяна Нестеровна Индер ауданының Зеленый ауылында (қазіргі Көптоғай) көпбалалы отбасында дүниеге келген. Оның ата-анасы, ата-әжесі осы өңірдің тумалары болған. Әкесі Нестер Ефремович Любин, Ұлы Отан соғысының ардагері, анасы Анна Павловна Любина бар ғұмырын туған ауылында өткізген. 

https://atpress.kz/images/2025-03/6169b292-7280-4fca-949a-d85a7577116a.jpg

Отбасында 13 бала болған — 6 қыз және 7 ұл. Өкінішке орай, екі ағасы балалық шағында қайтыс болды, бірақ қалғандары өсіп, жоғары білім алып, өз отбасыларын құрды. Соғысқа дейін Зеленый ауылында негізінен орыстар тұрды, бірақ соғыстан кейін көптеген адамдар Гурьев пен Уральскке көшіп кеткен. Дегенмен, Татьянаның ата-анасы ауылда қалып, ешқашан бұған өкінбеген.

Бүгінде Любина отбасы — бұл мәдениет, дәстүр мен тілдің тоғысқан арнасына айналып отыр.

 https://atpress.kz/images/2025-03/84461e6e-b66d-495b-89f3-bf848eeb9d72.jpg

Көпұлтты отбасы – көпке үлгі

Бұл отбасында түрлі ұлт өкілі өзара тоғысқан: ағалары Сергей мен Виктор қазақ қыздарына үйленген. Қыздары Мария мен Ольга да қазақтарға тұрмысқа шыққан. Үлкен әпкесі Нина корей азаматымен отау құрған. Бауыры Владимир украин қызына үйленген. Татьянаның қызы Марта корей азаматымен отбасын құрған. Ұлы Арман қазақ қызымен шаңырақ көтерген. Татьянаның немерелері корей ұлтынан, бірақ есімдері қазақша — Әмір және Әділ.

https://atpress.kz/images/2025-03/6-c3381df81b9c.jpg

Тіл, дәстүр мен әдет-ғұрып айырмашылығына қарамастан, осы үлкен және тату отбасын махаббат пен өзара құрмет  біріктіреді. Татьяна Нестеровна болашақ күйеуі Қуанышқали Жакешевичпен студенттік жылдарда танысқан. Күзде студенттерді ауылшаруашылықжұмыстарына жібереді, ал, Қуанышқали автобус жүргізушісі болып жұмыс істеп, күн сайын жастарды алқапқа апарып жүрген. Көп қыздың арасынан ол Татьянаны таңдады – және 42 жылдан бері олар бірлік пен татулықта бірге өмір сүріп келеді.

https://atpress.kz/images/2025-03/-aa4ff1b4c51c.jpg

Отбасында әртүрлі халықтың дәстүрі мен мейрамы құрметтеледі. Мәселен, Масленицада құймақ пісіріледі. Наурыз мейрамы кезінде мерекелік дастарханнан әрқашан бешбармақ, наурыз-көже және баурсақ үзілмейді. Отбасы мүшелері Пасха кезінде жұмыртқа бояйды, ал, Рождество мерекесінде үйде тәттілердің хош иісі бұрқырайды. Жаңа жылды бұл үлкен отбасы екі рет атап өтеді. Сонымен қатар, корейше Жаңа жыл – Соллал мерекесі де дәстүрлі корей асымен бірге атап өтіледі. 

- «Біздің ата-анамыз қайтыс болды, сондықтан Көрісуді біз ағайын-туыспен бірге қазақтың ұлттық тағамдарымен қарсы аламыз» дейді Татьяна.

Көпұлтты отбасы қазақ және орыс тілдерінде сөйлеседі. Мысалы, әпкесі Ольганың (ол қазақ жігітіне тұрмысқа шыққан) балалары қазақ тілді мектепті бітірген. Татьяна мен Қуанышқали тек өз ана тілдерін ғана сақтап қоймай, балалары мен немерелерін әртүрлі ұлттың мәдениетін құрметтеуге шақырады. 

  • - Ауылда тек біздің бір ғана орыс отбасымыз қалды, мен және әпкелерім мен ағаларым қазақтар арасында өстік, сондықтан қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын өте жақсы білеміз. Менің есімде балалық шағымның ең бақытты сәттері сақталған, біз бір-бірімізге қонаққа барартын едік, ауылдағы әрбір отбасының қақпасы бәріне ашық болатын, әр үйдің ауласында үлкен қазан қойылып, бауырсақ пісірілетін, қуырдақ дайындалатын, қонақтар дәмнен ауыз тиетін. Біз ата-анамызға қазақ және орыс дәстүрлерін сақтай отырып, бізді тәрбиелегені үшін алғыс айтамыз. Біз қазақ эстрадасының әндерін тыңдағанды жақсы көреміз, өзіміз де қазақ тілінде ән айтып, қазақ авторларының өлеңдерін оқимыз. Менің ата-бабаларымның арасында әртүрлі этнос өкілдері бар – болгарлар, белорустар, латыштар, мен олардың да дәстүрлерін құрметтеймін және олармен туыстығым барына  мақтанамын. Мемлекеттік тіл менің бағымды ашты деп санаймын. Үйіміздің жанында клуб болатын, онда үлкен кітапханасы бар, күнде сол жерге барып, кітап оқыдық. Мен орыс тілі мен әдебиеті пәнінен мұғалім болдым, кейін қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша университетті бітірдім, - дейді ол.

https://atpress.kz/images/2025-03/985-18a6b6e11658.jpg

63 жастағы Татьяна 43 жыл бойы қаладағы №3 гимназияда қазақ тілін оқытады және тіпті қазақ тілінде мақалалар жазып жүр. Өткен жылы ол Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан «Ерен еңбегі үшін» жоғары марапатын алды.

Ол көпұлтты отбасыларға мынадай кеңес береді:

  • - Ең бастысы – махаббат, өзара түсіністік, құрмет пен қолдау. Әр отбасы мүшесінің тілі мен дәстүрін құрметтеу маңызды, бұл отбасын біріктіре түседі. Баршаңызды Наурыз мерекесімен құттықтаймын, зор денсаулық, пен мол байлық, өнегелі өмір мен ғибратты ғұмыр, бекем бірлік пен тату тірлік, молшылық пен тоқшылық тілеймін. Халқымыз аман болсын! – деді Татьяна Нестеровна.

 

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату