Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Наурыз мерекесінде елордалық ауруханалар тәулік бойы жұмыс істейді

Мереке күндері елордалық емханалар мен ауруханалар әдеттегідей жұмыс істейді. Бұл туралы қала әкімдігі мәлім етті, деп хабарлайды newsroom.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

 

Наурыз мерекесінде елордалық ауруханалар тәулік бойы жұмыс істейді
Фото: Pixabay.com

 Елордалық ауруханалар қала тұрғындарын тәулік бойы қабылдайтын болады. Резервтік мамандандырылған палаталарды бөлу арқылы жедел және шұғыл медициналық көмек көрсетуге толық әзірлік қамтамасыз етілді, — деп хабарлады Астана әкімдігі.

Алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында кезекші дәрігерлер сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Фильтр бөлмелері сағат 8:00–ден 20:00–ге дейін жұмыс істейді, қоңыраулар 8:00–ден 16:00–ге дейін қабылданады.

103 қызметі диспетчерлер мен жедел жәрдем бригадаларының үздіксіз жұмысын жалғастыруда. Тәулік бойы хабарламалар мен қоңыраулар қабылданады.

Ал, СҚО дәрігерлері биыл бес күн демалатын Наурыз мейрамында дастарқанға қойылған мол тағамнан уланудың алдын алу жолдарын айтты.

 

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату