weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
19 наурыз, 2025 / Жанар Ғарифоллақызы / Дін
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Рамазандағы соңғы 10 күнің ерекшелігі

Бүгін Рамазан айының соңғы он күндігі кіріп жатыр. Ал бұл он күннің ерекешелігі неде?

Рамазан – адамдарды құлшылыққа, ізгілікке шақыратын, тура жолға салушы қайырлы ай. Әсіресе, оның соңғы он түні ерекше қасиетті екендігін ардақты Пайғамбарымыздың (ﷺ) асыл хадистерінен көре аламыз.

Рамазандағы соңғы 10 күнің ерекшелігі
Фото: ашық дереккөзден

Айша анамыз (ﷺ) жеткізген риуаят бойынша, Алла елшісі (ﷺ) Рамазан айының соңғы он күніне алғашқы күндерінен де аса көп көңіл бөлген.

       Ал Ахмад ат Тирмизи жеткізген бір хадисте: «Пайғамбарымыз (ﷺ) әдетте Рамазанның соңғы он күнін мешітте құлшылық жасаумен оңаша өткізетін. Бір жылы ол олай жасай алмай қалып, келесі жылы мешітте жиырма күнін құлшылық жасап оңаша өткізген» делінген.

Осы он түннің бірінде Қадір түні жасырылған. Бұл түнгі ғибадаттың сауабы орасан зор! Айша анамыз (р.а.) Алла елшісінің (ﷺ): «Қадір түнін Рамазан айының соңғы он түнінен іздеңдер», – дегенін жеткізген («Сахих әл-Бухари»). Рамазан айының соңғы он түнінде ғибадатты арттырып, Аллаға жақындататын амалдарды көбейту лазым. Ал, бұл түнді жіберіп алған кісі көп нәрседен мақұрым қалады дейді ардақты Пайғамбарымыз (ﷺ).

       Рамазанның соңғы он күні:

–       тозақтан құтылатын;

–       қасиетті Қадір түнінде Құран түскен;

–       барлық дұға тілектер қабыл болатын уақыт болғандықтан мына амалдарды жасаған жөн:

-       Құран Кәрімді толық оқып шығу;

–       уақыттың көп бөлігін құлшылықпен өткізу;

–       мейлінше көп жақсылық жасау, садақаны көбейту;

–       күнделікті ізгі амалдардың санын арттыру т.б.

Бұл істеріміз арқылы Жаратушымызға одан сайын жақындай түсеміз.

Міне, сондықтан Алла баршаңызға сүйген құлдарының қатарынан болуға жазсын! Осы бір мүбәрак айдағы құлшылығымыз бен қайырымдылығымыздың сауабы молая түссін!