Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
13 наурыз, 2025 / Перизат Ілес / Әлем

Қырғызстан 2021 жылдан бері тоқтатылған Тәжікстанмен әуе қатынасын қалпына келтіреді

Қырғызстан мен Тәжікстан екі ел арасындағы 2021 жылы үзілген әуе қатынасын қалпына келтіруге келісті. Бұл туралы Бішкекте Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмонмен келіссөздерден кейін айтты,- деп хабарлайды newsroom.kz

Қырғызстан 2021 жылдан бері тоқтатылған Тәжікстанмен әуе қатынасын қалпына келтіреді
Фото: Oxu.az

«Біз әуе қатынасын қалпына келтіруге келістік», - деді ол.

Оның айтуынша, алдағы уақытта тараптар арасындағы автобус қатынасы да қалпына келтірілмек.

Әуе қатынасы қалпына келтірілгеннен кейін Душанбе мен Бішкек арасындағы алғашқы рейс 14 наурызда орындалады, деді Рахмон. Сондай-ақ Тәжікстанның Соғды облысының әкімшілік орталығы Худжанд қаласынан Қырғызстан астанасына және кері рейс ашылады.

«Біз бұйрық бердік, ертеңнен бастап Душанбе – Бішкек, Бішкек – Душанбе және Бішкек – Худжанд әуе рейстері ашылады, яғни екі бағыт», – деді Тәжікстан басшысы.

Бішкек пен Душанбе арасындағы әуе қатынасы 2021 жылдың мамыр айында шекарадағы қарулы қақтығыстан кейін үзілген болатын.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату