Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Қазақстанда уақыт белдеуі қайта өзгере ме: Зерттеу нәтижелері жарияланды

Қазақстанда уақыт белдеуі өзгеруінің халықтың денсаулығына, энергия тұтыну деңгейіне және еңбек өнімділігіне ықпалы зерттелді. Кей өңірлерде жұмыс кестесі ауысқанын хабарлайды  newsroom.kz тілшісі. 

Қазақстанда уақыт белдеуі қайта өзгере ме: Зерттеу нәтижелері жарияланды
Сурет:ашық дереккөзден

Мониторинг барысында сарапшылар қауымдастығы мен ғылыми-зерттеу институттары тартылып, кешенді тәсіл қолданылды. Зерттеу қорытындысы бойынша, бірыңғай уақыт белдеуіне көшу туралы шешімнің теріс әсері байқалмағаны анықталды. 

Бұл туралы Үкімет отырысында Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев баяндады:

“Талқылау барысында мәслихат депутаттары өңірлерде жұмыс кестелерін ауыстыру арқылы жұмыс уақытын оңтайландыру жөніндегі бастаманы қолдады.

Бүгінгі таңда ШҚО бірқатар аудандарында Қатонқарағай, Марқакөл, Үлкен Нарын, Зайсан, Тарбағатай, Самар, Құршым тұрғындары тарапынан қолдау тауып жұмыс кестесі таңғы 8-ден кешкі 17:30-ға дейін өзгертілді. Бұл шаралар азаматтар үшін қолайлы жағдай жасауға, сондай-ақ кәсіби және жеке өмір арасындағы теңдікті жақсартуға бағытталған”, - деді ол өз сөзінде.

Айта кетейік, зерттеу деректерді талдау, сауалнама нәтижелері және уақыт өзгерісіне дейінгі және кейінгі көрсеткіштерді салыстыру әдістері арқылы жүргізілді.  

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату