Бүгін Алматыда қар мен жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 5 градусқа дейін көтеріліп, түнде -1 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 4,7 м/с болмақ.
Астанада синоптиктер болжамынша, аздап қар жауады. Күндіз ауа температурасы -3 градусқа дейін жетіп, түнде -12 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 4,2 м/с болады.
Шымкентте бүгін өткінші жаңбыр болады деп күтілуде. Күндіз термометр бағаны 10 градусқа дейін жетіп, түнде 4 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 9,5 м/с деңгейінде болмақ.