Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
5 наурыз, 2025 / Перизат Ілес / Қаржы

Мұғалімдердің орташа айлығы қанша екені белгілі болды

2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда мұғалімнің орташа айлық жалақысы 1 мөлшерлеме үшін (16 сағат) 352 мың теңге, ал ауыл мұғалімдері үшін 435 мың теңге болды,- деп хабарлайды newsroom.kz

Мұғалімдердің орташа айлығы қанша екені белгілі болды
Фото: Inbusiness.kz

Бұл ретте Ұлттық білім беру деректер базасының мәліметінше, еліміздегі педагогтердің жартысы 1,5 мөлшерлемемен (24 сағат) жұмыс жасап, айына орташа 581 мың теңге жалақы алады.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, елімізде 8 мыңға жуық орта білім беру ұйымында 400 мыңға жуық педагог жұмыс істейді. Олардың 300 мыңға жуығы аттестация қорытындысы бойынша біліктілік санаттары үшін үстемеақы алады. 
2020 жылдан бастап Президент тапсырмасына сәйкес, педагогтердің айлық еңбекақысы 100%-ға өсті.

Сондай-ақ 2023 жылдың қыркүйегінен бастап мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиешісінің жалақысы 30%-ға артты. Ал техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына кәсіпорындардан тартылған мамандарға 30-35 % көлемінде үстемеақы қосылды.

Түрлі санаттың болуына байланысты педагогтерге келесідей үстемеақы төленеді: 
• Педагог-шебер – 50%
• Педагог-зерттеуші – 40%
• Педагог-сарапшы – 35%
• Педагог-модератор – 30%

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату