Министрдің айтуынша, ата-аналар мектеп чаттарында сұрақтарын сағат 18:00-ге дейін қоюына болады. Ал одан кейін педагогтердің жеке уақытына құрметпен қарау қажет.
«18:00-ден кейін әр мұғалімнің жеке өмірі бар және оны құрметтеу қажет», – деді Жұлдыз Сүлейменова.
Алайда қазіргі таңда бұл талап заңмен нақты бекітілмеген. Яғни мұғалімдердің дәл сағат 18:00-ден кейін ата-аналардың хабарламасына жауап бермеуі туралы жеке норма жоқ.
Сонымен қатар биыл «Педагог мәртебесі туралы» заңға өзгерістер енгізіліп, мұғалімдердің міндеттері нақтыланған.
Министрліктің ұстанымынша, ата-аналармен байланыс кезінде педагогтің жұмыс уақыты мен жеке өмірінің шекарасын сақтау маңызды.