8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні
- Бес күндік жұмыс аптасында:
- 8 наурыз (сенбі) – демалыс күні болғандықтан, демалыс 10 наурызға (дүйсенбі) ауыстырылады. Осылайша, қазақстандықтар 8, 9 және 10 наурыз (сенбі, жексенбі, дүйсенбі) күндері қатарынан үш күн демалады.
- Алты күндік жұмыс аптасында:
- Демалыс күндері 8 және 9 наурыз (сенбі және жексенбі) болады, ал 10 наурыз (дүйсенбі) – жұмыс күні болып қалады.
Наурыз мейрамы (21–23 наурыз)
- Бес күндік жұмыс аптасында:
- Ресми мерекелік күндер – 21, 22 және 23 наурыз (жұма, сенбі және жексенбі). 22 және 23 наурыз демалыс күндеріне сәйкес келгендіктен, демалыс 24 және 25 наурызға (дүйсенбі және сейсенбі) ауыстырылады. Осылайша, қазақстандықтар 21-25 наурыз аралығында бес күн қатарынан демалады.
- Алты күндік жұмыс аптасында:
- Демалыс күндері 21, 22, 23 және 24 наурыз (жұма, сенбі, жексенбі және дүйсенбі) болады, ал 25 наурыз (сейсенбі) – жұмыс күні.
Осылайша, бес күндік жұмыс аптасында қазақстандықтар наурыз айында сегіз күн, ал алты күндік жұмыс аптасында алты күн демалады.